Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова жеті жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Атырау қалалық №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменовоға үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақытгүл Хаменова "пара алғаны үшін кінәлі" деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ баласы болуына байланысты ол жазасын 3 жылдан кейін өтейді.

14 қарашада Бақытгүл Хаменова соңғы сөзінде өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді.

31 қазан күні прокурор Лаура Асанова Атыраудың №2 сотында Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

2021 жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды.

2021 жылы 12 желтоқсанда Хаменова үйқамаққа алынды. Сот оның "жалғызбасты әйел" екенін, екі бала тәрбиелеп отырғанын, біреуі бала кезінен мүгедек екенін, қарт анасы бар екенін, бұрын сотты болмағанын, құзырлы органдардан жасырынбағанын ескерді.

2021 жылдың 23 желтоқсанында Хаменова уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып 2020 жылғы наурызда тағайындалды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты