Жаңалықтар тізбегі
0

Сотталушы Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Хаменова соңғы сөзін айтты

Атырау, Атырау әкімінің орынбасары, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 13:44 Сурет: Zakon.kz
14 қарашада Атырау қаласының №2 сотында сотталушы Бақытгүл Хаменова сөз алып, бұл қылмыстық оқиғаға еш қатысы жоқ екенін, іс бойынша заңға сәйкес шығарылған үкім тек ақтаушы ғана болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға "алдын ала келісім бойынша пара алды" деген айып тағылды. Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те осы баппен айыпталған-ды.

Үшінші айыпталушы "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовқа "мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілетті тұлғаға ірі көлемде пара берді" деген айып тағылды.

2021 жылғы 11 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ұсталғаны белгілі болды.

2021 жылы 12 желтоқсанда Хаменова үйқамаққа алынды. Сот оның "жалғызбасты әйел" екенін, екі бала тәрбиелеп отырғанын, біреуі бала кезінен мүгедек екенін, бұрын сотты болмағанын, құзырлы органдардан жасырмағанын ескерді.

2021 жылғы 23 желтоқсанында Хаменова уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бақытгүл Хаменова облыс әкімінің орынбасары болып 2020 жылғы наурыз айында тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: