Алматының орталық және шеттегі аудандары арасындағы теңсіздікті жою тапсырылды

Сурет: Zakon.kz
16 қараша күні Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының бірқатар түйткілді мәселесіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының тарихи орталығы – өмір сүру үшін аса қолайлы жер. Қажетті нәрсенің бәрі жақын жерде орналасқан. Алайда, Президенттің сөзінше, орталықтың өзіне тән түйткілдері бар. Атап айтқанда, коммуналдық жүйе тозып барады. Ғимараттар бір-біріне өте тығыз орналасқан. Жолдарда кептеліс көп.

Сондай-ақ, ол шеткері аудандардың дамуы тым кенже қалып отырғанын атап өтті. Әлеуметтік нысандар жетіспейді. Жұрт серуенге баратын саябақтар тапшы. Негізінен жер үйлер көп салынған. Тіпті, қыс айларында қара түтін қаптайды. Азаматтардың демалысын пайдалы өткізетін қоғамдық орындар аз. Көлік және инженерлік инфрақұрылым да жеткіліксіз.

Осы орайда Мемлекет басшысы "әкімдіктің басты міндетінің бірі – орталық пен шеттегі аудандардың арасында пайда болған осы теңсіздікті жою" екенін қадап айтты.

Қала – бәріне ортақ. Сондықтан, қаланың игіліктері де барлық тұрғындарға бірдей қолжетімді болуға тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев
Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді