Ағаш және бұта отырғызуға жұмсалатын шығындарды өтеу ережесі өзгерді

Сурет: Zakon.kz
Экология министрлігінің 2022 жылғы 8 қарашадағы бұйрығымен Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен шығыстарды өтеу шығарылатын өнім көлемінің ең төменгі көрсеткіштеріне қол жеткізілген кезде іске асырылады:

Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай мерзімдерден аспайды:

  1. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда жапырақты тұқымдықтар үшін он жылдан аспайтын, қылқан жапырақты тұқымдар үшін он бес жылдан аспайтын плантациялық өсіру жағдайларында жүргізіледі;

  2. Жапырақты тұқымдықтар үшін бес жылдан аспайтын, қылқан жапырақты тұқымдықтар үшін он жылдан аспайтын жекеше орман питомнигін құру және дамыту болып саналады.

Өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттағы плантацияларды құруға және өсіруге жұмсалған шығындардың 50%-ға дейінгісін және жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға осыншама соманы мемлекет өтейді деп көзделіп отыр.

Бұйрық 2022 жылғы 28 қарашада күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды