Алдын ала қорытындыға сәйкес, елімізде сайлаушылардың 69,43%-ы дауыс берді – ОСК

Сурет: Zakon.kz
Бүкіл ел бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейін Қазақстандағы президент сайлауында Орталық сайлау комиссиясының сағат 22.00-дегі мәліметі бойынша, сайлаушылардың 69,43 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясының брифингінде Астана уақытымен сағат 22.00-дегі сайлаушылардың алдын ала қатысуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров мәлімдеді.

"Сағат 22.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 8 299 501 азаматы дауыс беру бюллетендерін алды, бұл дауыс беру тізімдеріне енгізілген жалпы санның 69,43 пайызына тең болды". Константин Петров

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының мәліметі бойынша, 22.00-ге дейін өңірлер бойынша дауыс бергендер:

Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:

Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер