Вице-премьер журналистердің сауалына жауап бере отырып, ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтармас бұрын жағдайды сараптау керек екенін айтты.
"Мәселе талданып жатыр. Мұндай шешімдерді қабылдамас бұрын ондағы жағдайды зерттеу керек. Бұл мемлекетке шамадан тыс ауыртпалық болса, шын мәнінде нысанды өзімізге алып, иесіне сыйлық жасаймыз, оған қаржы саламыз. Біз алдымен жағдайды бірлесіп түзеу мәселесін қарастыруымыз керек".ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин
2022 жылғы 27 қарашаға қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су тоқтатылды. Энергетика министрлігі жылу құбырларының әбден тозығы жеткенін хабарлады. Жылу желілеріндегі апатты жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.
4 желтоқсанда Екібастұзда барлық тұрғын үйлердің жертөлелеріне жылу берілді. Апаттық жұмыстар жүргізіліп жатқан тізімде 71 көпқабатты үй бар.