Екібастұздағы төтенше жағдай: қалған үйлер жылу жүйесіне қашан қосылады

30 қараша күні таңғы сағат 8:00-де Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайларды жою штабының отырысында қаланың жылу желілерінің қазіргі жағдайы және температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР үкіметінің Telegram-каналында хабарланғандай, бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр.
"Сағат 9:00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Үкімет мүшелері мен жедел штаб қатысушылары Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болды.
"Медицина мекемелеріндегі температура 24°C", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Екібастұзда төтенше жағдайдың себептерін анықтау басталғаны хабарланған еді.
Бөлісу
0
Толық оқу