Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда бұзылған жылу жүйесін жөндеуге еріктілер аттанды

Екібастұз, жылу жүйесі, еріктілер, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 09:17 Сурет: primeminister.kz
Павлодардан Екібастұзға келген ІТ мамандары суық үйлерге жылу толық берілгенше жұмыс істеуге дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еріктілер "Хабар 24" арнасына №36 мектепке орналастырылғанын айтты.

"Команда жиналды. Барлық маман өз құрал-сайманын ала келді. Олар бәрімен толық қамтамасыз етілді. Жерлестеріміз қиналып жатқандықтан көмектесуге келдік. Бастама көтердік. Штабқа рахмет. (...) Тамақ, жатын орын, бәрі бар", – дейді ерікті Бауыржан Құсманов.

Күні кеше хабарланғандай, Екібастұзда көпқабатты үйлердің бәріне дерлік жылу берілді. Жұмыс бригадалары коммуналдық апаттың салдарымен әлі жұмыс істеп жатыр. Мамандар пәтерлердегі радиаторлар мен көтергіштерді ауыстырып жатыр. Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін арнайы комиссия шығын көлемін анықтауға кіріседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: