Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда 20 көпқабатты үй жылу жүйесіне қосылмаған

Екібастұз, жылу, көпқабатты үй, жылу беру маусымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 09:20 Сурет: Zakon.kz
Екібастұздықтарға жылу берілгеніне бір ай болды. Ал 20 көпқабатты үйде жылу әлі толық берілмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, бұған жылу беру-бермеу емес, үйлердің жылу маусымына техникалық тұрғыдан дайын болмай шығуы себеп болып отыр.

Осыдан 4 жыл бұрын Борангүл Мұфтахова жаңа пәтерге көшкеніне қуанған. Бірақ алғашқы қыста-ақ көп балалы отбасы солтүстіктің қысының бар "қызығын" көріп үлгерген. Жаңа тұрғын үй аязға шыдас бермеді, отбасы жылытқыштың арқасында ілдалдалап қысты өткерген.

"1 қазанда жылу берді, бірақ бізде әлі жылу жоқ. Суық үйде, бір бөлмелі пәтерде отырамыз. Үй ылғал. Үйде кішкентай бала бар. Жылытқыштарды қосып отырмыз. Залда екі жылытқыш тұр".Екібастұз қаласының тұрғыны Борангүл Мұфтахова

Екібастұз қаласының әкімдігі қазір 20 көпқабатты үйдің осындай жағдайда екенін хабарлады. Олардың әрқайсысы үшін арнайы комиссия жұмыс істейді.

"Тұрғын үйге тұрғындар өз бетінше қызмет көрсетеді, тиісінше, қажетті шараларды толық атқармайды. Тура сөзбен айтқанда, біз бүгін Энергетиков көшесі, 99 мекенжайында орналасқан тұрғын үйге бардық, онда құбыр клапаны жабық тұрғаны анықталды, сондай-ақ су жылытқышқа рұқсатсыз ойық жасалған, ол тұрғын үйдегі гидравликалық режимді бұзған". Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов

Қала билігі қала тұрғындарына жылу беру маусымына алдын ала дайындалу керек екенін ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: