Екібастұзда көпқабатты тұрғын үй ауласында жеңіл көлік отқа оранды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
6 қыркүйекте Екібастұз қаласының Ломоносов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің жанында жеңіл көлік отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар облысының өрт сөндірушілері жанып жатқан көлікті сөндірді.
"ТЖМ күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", делінген хабарламада.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript