Жезқазғанда көше ортасында жеңіл көлік отқа оранды
Сурет: pixabay
Жезқазғанда Некрасова көшесінде жол бойында тұрған жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ күштерімен автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде және алдыңғы салонында орын алған өрт қысқа мерзімде сөндірілгені нақтыланады.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін Алматы облысында тас жолды еріген қар суы шайып кеткені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript