Павлодар облысында тас жол бойында жеңіл көлік отқа оранды

Өрт, Павлодар облысы, жеңіл көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2024 10:04 Сурет: ҚР ТЖМ
2024 жылы 22 маусымда таңертең "Қызылорда-Павлодар" тас жолы бойында жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға таңертең Екібастұз қаласы маңында орын алған.

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 32 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.


"Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 номеріне хабарласыңыз!", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

21 маусымда Абай облысында Белағаш ауылында гаражда тұрған көлік өртеніп, үй иесі ауруханаға түскені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: