Таразда көшеде жеңіл көлік отқа оранды
Сурет: pixabay
Таразда көшеде жеңіл көлік отқа оранып, ТЖМ қызметкерлері көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тараз қаласының Аппасов көшесінде жеңіл көлік отқа оранды. Оқиға орнына төрт минутта жеткен құтқарушылар отты жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда", делінген хабарламада.
ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Бұған дейін Рудныйда өртенген көпқабатты тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript