КТК телеарнасының хабарлауынша, сарапшылар Жаңа жылды мейрамханада емес, үйде отбасымен қарсы алу керек деп кеңес берген.
"Ежелде қоянды бақыттың символы, сәттіліктің белгісі деген. Жалпы алғанда, Қоян жылын табыстың, шаттықтың, қуаныштың жылы дер едім. Әр отбасында айтралықтай жаңалық болуы мүмкін. Қытай әдебиетінде қоянды айдың көмекшісі болды деген де тәмсіл бар".Артур Ахапов, ботаника бағының директоры
Қоян – ренжісуді ұнатпайтын аң. Мамандар сол себепті бұл жылы өкпе-ренішті ұмытып, жақсы көңіл күймен қарсы алу керек дейді. Жылды жеткен жетістіктермен қорытындылап, болашаққа жоспар құруға кеңес береді. Ең бастысы, үйдің интерьері мен безендіретін түске және киімге мән беру керек.
"Кейде адамдар киетін киімде қара түсті таңдайды. Бұл түс қоянға сәйкес емес. Керісінше, ашық түсті таңдау керек. Қоян қою түсті ұнатпайды. Оған жылтыр нәрсе киіп, үйді жылтырақтармен безендіру керек. Тіпті үйдің интерьерінде де ашық түс болғаны дұрыс. Жаңа жылда мерекелік дастархан аста-төк болғаны дұрыс". Алла Кувшинова, отбасы демалыс орталығының басшысы
Өйткені қоян тоя тамақ жегенді ұнатады екен. Аспаздар, әсіресе, тәтті тамақ пен сәбіз салатының түр-түрін жасау керек дейді.
"Жаңажылдық дастарханға көкөністен салаттың түртүрін жасауды ұсынамын. Әсіресе, бақшада өсірілетін табиғи көкөністерді таңдаған жөн. Қалтаға салмақ түсірмейтіндей, дәмді әрі тәтті тамақ жасауға болады". Владимир Шверт, аспаз
Мамандар Қоян жылында туыстық қарым-қатынасты күшейтіп, ренжіскен адамдардан кешірім сұрауға кеңес береді. Өйткені қоян жылы махаббат пен сыйластықты арттырады. Жалпы 2023 жыл үйленуді жоспарлаған жандарға сәтті болмақ, өз жұбын іздеген адамның өмірінде көптен күткен оң өзгеріс болады.КТК