11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасалды

"Қазгидромет" синоптиктері республиканың 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с-ке жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Абай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күндіз қалың қар жауады. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғып, облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: