Мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстониядағы турнирдегі өнерін аяқтады

Мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстониядағы турнирдегі өнерін аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 20:53 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан Tallinn Trophy 2026 халықаралық турнирінде еркін бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол еркін бағдарламада 109,51 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады. Қысқа бағдарламаның нәтижесін (61,09 ұпай) қоса есептегенде, отандасымыз 170,60 ұпаймен жарысты 13-орында аяқтады.

Италиялық Габриэле Франджипани (215,19 ұпай) жеңімпаз атанды. Екінші орынды канадалық Энтони Паради (214,33), ал үшінші орынды оңтүстік кореялық Хенгем Ким (213,24) иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: