Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Эстонияда өтетін Tallinn Trophy турнирінде бақ сынайды
Сурет: olympic.kz
Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Challenger сериясына кіретін халықаралық Tallinn Trophy турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан халықаралық жарысқа қазақстандық Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов қатысады.
18 қарашада спортшылар қысқа бағдарламасын орындаса, 19 қарашада еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Ерлер арасындағы жарысқа барлығы 24 спортшы тіркелген.
Бұған дейін Софья Самоделкина АҚШ Гран-приінде үш айналымдық аксельге қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript