Елордалық мәнерлеп сырғанаушы халықаралық жарыстан күміс медаль жеңіп алды
Сурет: gov.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама сапындағы Астана қаласының спортшысы Рахат Бралин Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс жүлде жеңіп алды.
Ол қысқа бағдарламада 65.18 балл жинап, үшінші сатыға тұрақтаған. Ал еркін бағдарламадағы Рахаттың өнеріне төрешілер 128.90 ұпай берді.
Осылайша, жерлесіміз жалпы есепте 194.08 ұпай жинап, Лев Винокурден (Израиль) кейін екінші орынға тұрақтады. Қола медаль украиналық Кирило Марсакқа бұйырды (193.23 ұпай).
Айта кетейік, 20 жылдан астам тарихы бар дүбірлі додаға биыл 19 мемлекеттен 63 спортшы жиналды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript