Өзбекстанда сотталған 20 қазақстандық елге қайтарылады

Сурет: pixabay
«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастаманы іске асыру үшін екі ел арасында бірнеше жыл келіссөз жүргізілген. Ал құжат қабылданбас бұрын шекаралас мемлекеттердің миграциялық процесі мен қылмыстық ахуалы сарапталған, деп жазады Almaty.tv.


«Ұсынып отырған шарт өзара құқықтық көмек көрсету негіздері мен тәртібін, оларды жүзеге асыру жолдарын, куә сарапшы мен айыпталушы шақырту, олардан жауап алу, күзетпен ұсталып отырған адамдарды уақытша алдыру және басқа мәселелерді реттейді», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Сондай-ақ Сенат Қазақстан мен Франция арасындағы құқықтық көмек көрсету тәртібін де белгіледі. Жоғары палата отырысында қос елдегі қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы заң қабылданды. Құжат бойынша тергеу амалдарын жүргізу, тінту сияқты іс-шаралар ескерілген. Алайда, қылмыстық іс бойынша күдікті, куәгер немесе жәбірленуші шетелде тұрып жатқан болса, еліміздің құқық қорғау органдары өздігінен сол мемлекетке барып, тергеу әрекетін жасай алмайды. Бас прокурор орынбасары Әсет Шыңдалиевтың айтуынша, тергеп тексеру әрекеті тек сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілетінін жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі