Қызылжарда дәрігерлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Сурет: pixabay
Қызылжарлық дәрігерлер бүгін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Себебі, қалада - көктайғақ. Мұзға құлап, жарақаттанғандар көп. Тіпті қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатты. Барлық бағыттағы жол жабылып, қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнімен жауған жаңбыр қала тұрғындарын әбірге салды. Көшелерде мұз қатып, қалада көлік қатынасы қиындады. Автобустар тоқтап, халық діттеген жеріне жете алмай қалды. Қалалық аурухананың жарақат бөлімінде қарбалас. Осы уақытқа дейін 34 адам дәрігер көмегіне жүгінген, 5 тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жарақаттанғандардың ұзын-сонар кезегі пайда болды. Көбінің аяғы сынған". Қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова

Көктайғақтың салдарынан бүгін қалада жеті жол апаты болды. Бірақ зардап шеккендер жоқ, - дейді полицейлер. Коммуналдық қызмет мамандары шаһар көшелеріне құм сеуіп жатыр.

"Қазіргі таңда 50 техника жұмыс істеп жатыр. Көшелер мен тротуаларға құм тұз қоспасы себіліп жатыр. Ал аялдамалардың маңына арнайы ұнтақ себіліп жатыр. Көктайғаққа байланысты қаладағы қоғамдық көлік өз жұмысына кешірек кірісті. Дәл қазіргі таңда 90 автобус желіге шыққан". Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова



Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе

Халықаралық іздеудегі "атыраулық хакер" Түркияда ұсталып, елге депортацияланды