Айта кетейік, қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі Түркияға 7 ақпанда ұшып кеткен еді. Апат аймағына бірінші эшелонмен 33 құтқарушы мен Апаттар медицинасы орталығынан бес адам аттанды.
"Түркияда бізді бірден Газиантеп қаласына алып барып, құлаған ғимараттарды көрсетті. Учаскенің басшысы келді, мен одан қай нысан қиынырақ екенін сұрадым. Көрсетті, мен онда 20 адам қалдыруды шештім, ал қалған 10-ын екінші нысанға жібердім", Ювелирно дейді Владимир Цой.
Оның айтуынша, құтқарушылар визуалды барлау жұмыстарын жүргізіп жатқанда сыртқа шығып жатқан аяқты байқаған. Төбе мен еденнің арасындағы қуыс 30 сантиметрдей болған. Денені шығару үшін олар түні бойы жұмыс істепті. Ол әйел адам болып шықты, қасында қызы бар.
Жұмыс барысында ғимарттың қисайып тұруы қиындық тудырған, кез келген сәтте құлап қалуы мүмкін еді. Сондықтан құтқарушыларға да қауіп төнген.
"Біз бес мәйітті абайлап шығардық. Жер асты дүмпулері қайталанып, үй тағы 4 сантиметрге қисайып қалды. Кейін ғимаратты бұзуды ұйғардық. Қауіпті болғанымен, тапсырманы орындадық. Біз үйді жайлап бұздық, бәрін тазаладық. Ақыр аяғында ол жерден 19 зардап шегуші шығарылды", – дейді ол.
10 адам жұмыс істеген екінші нысанда Джейкоб иті тірі қалған адамды тапқан.
"Жұмыс өте қиын болды, өйткені біз тігінен үш метр тереңдікте жүруге тура келді, диаметрі 50-60 сантиметр шамасында болды. Зардап шеккендердің тап үстінен түсіп жолымыз болды. Екінші күні таңға жуық біз бір ер адам мен оның екі ұлын алып шықтық", – деп сөзін түйіндеді Цой.
24 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда зілзаладан зардап шеккен адамдарды құтқарып, бауырлас мемелкетте жұмыс істеп келген құтқарушыларды марапаттады.