Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды
Бірінші жағдайда, сотталушы үй бөлмесінде тұқымдар мен қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала сатып алып, каннабис өсімдігін (қарасора) өсірген.
Келесі жағдайда - өз үйінің бақшасында өсірген.
Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сот актілері заңды күшіне енді.
Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеміз.
Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін мүлкі тәркілеумен 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.