Нұр-Сұлтан қаласының орталығында қарасора өсіргендер ұсталды
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменінің баспасөз қызметі
Елордалық полицейлер қала орталығында жертөле қабатындағы жалға алынған үй-жайда құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірген екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарасқра өсірушілер бірінші партиядан егін жинап үлгерген.
Тінту кезінде қарасора өсіруге арналған арнайы жабдықтар алынды: шамдар, желдеткіштер, контейнерлер. Сонымен қатар тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған препараттар мен тыңайтқыштар, буып-түю материалдары, электронды таразылар тәркіленді. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменінің баспасөз қызметі
Ведомство өкілдерінің айтуынша, күдіктілер қылмыстық ниетті іске асыру мақсатында жылу режимі мен ылғалдықты сақтай отырып, желдеткіштерді, шамдарды, тамшылатып суару жүйесін орнату арқылы есірткі өсімдіктерін өсіруге жағдай жасаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменінің баспасөз қызметі
Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript