«Түркияға арзан жолдама» – Нұр-Сұлтанда алаяқ ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Елордалық полицейлер жалған уәде беріп, екі адамды алдап кеткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті «Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу барысында айыпталушы Түркияға арзан билеттер алып беремін деген сылтаумен ақшаны алдап иемденгені анықталды. Елорда тұрғынынан 520 мың теңге сомасында алдын ала төлем алып, ұмытылмас демалыс ұйымдастыруға уәде берген алаяқ алданған клиентті түксіз қалдырған. Жәбірленуші полицияға арызданды. Бұрын сотталған күдікті ұсталды.
Тәртіп сақшылары оның тағы бір алаяқтық фактісіне қатыстылығын анықтады. Бұл жолы ол 22 жастағы қыздан 300 мың теңге алып, заңгерлік қызмет көрсетуге уәде берген.Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
Ведомство осы фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.
Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript