Әлеуметтік желіде жалған автокөлік сатқан алаяқ ұсталды
Сурет: pixabay
Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желіде жалған автокөлік сатқан алаяқты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы 8 қаңтар күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғынынан арыз түскенін жазды. Ол арызында өзіне автокөлік сатып алмақшы болып, интернет арқылы көлік іздегенін және қолжетімді бағаға ұнаған көлігін тауып, алдын ала 75 мың теңге қаржы жібергенін көрсеткен.
Алайда “сатушы” ақша алған соң телефонын өшіріп, байланысқа шықпай кеткен. Алаяқтың арбауына түскенін сезген жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 13 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас тағы да төрт қылмысқа қатысы барын анықтады. ҚР Ішкі істер министрлігі
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript