Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда видеоға түсіп қалған қалта ұрылары ұсталды

Құқық бұзушылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 21:40 Сурет: pixabay
Елордалық полицейлер қалта ұрыларын ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар қалта ұрлығын жасаған үш күдіктіні “ізін суытпай” ұстады.

Жастардан құралған бұл үштіктің ең үлкені 23 жастағы бойжеткен болса, ең кішісі 20 жаста екені анықталды. Ұсталғандардың барлығы Қарағанды қаласының тұрғындары, бұрын бірнеше рет сотталған. Олар елордаға оңай пайда табу үшін келген.

Қала аумағында бір күннің ішінде жасалған қалта ұрлығының төрт дерегі дәлелденді. Ұрылар бірнеше азаматтың әмияндары мен ұялы телефондарын ұрлап үлгерген. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ұрылар жолаушысы көп маршруттық автобустарды немесе адамдар көп жиналатын аялдамаларды таңдаған. Көпшіліктің арасына кіріп, олардың сыртқы киімдерінің қалтасы мен сөмкелерінен ұрлық жасайтын болған.

Ұсталғандар кінәсін мойындады.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: