Алматыда қалта ұрылары ұсталды
Сурет: polisia.kz
Алматы полициясы қалта ұрыларын ұстады. Күдіктілер негізінен қоғамдық көліктерде ұрлық жасаумен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктілерді қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Бостандық және Жетісу аудандық полиция басқармасындағы әріптестерінің көмегімен ұстады.
"Оңай ақшаны жақсы көретіндердің ең үлкені – 42 жаста, ең жасы – 32 жаста. Олар автобус жолаушыларынан ұрланған гаджеттерді сатуға үлгермеген. Айғақты заттар тәркіленді. Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады. Олардың жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript