Алматыдағы "тәжірбиелі" қалта ұрыларының жұмыс барысы камераға түсіп қалды
Сурет: Instagram/almaty_my
Алматы полициясы тәжірибелі қалта ұрыларын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Наурызбай ауданында дүкеннің кіреберісінде орын алған.
"Бұл деректі азық-түлік дүкенінің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасы түсіріп алған. Қаскөйлердің бірі қыздың күртесінің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қылмыстың екінші сыбайласы болса, "әріптесін" "сақтандырып" тұрған. Екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды",- деп мәлімдеді Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Жақыпбаев.
Күдікті 31 жастағы тараздық болып шықты. Ол ұрланған мобильді құрылғыны бірден ломбардқа өткізген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Бұған дейін ҰҚК-нің Ақтау қаласына есірткі жеткізудің ірі арнасын жойғандығы хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript