Алматының қоғамдық көліктерінде қалта ұрлығымен айналысқан адам ұсталды

Ұрлық жасаған адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 10:33 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полицейлері қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын 44 жастағы ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше күннің ішінде ер адам қалалық қоғамдық көліктерде бөтеннің мүлкін 5 рет ұрлаған.

Күдікті қала орталығында, Сейфуллин – Мақатаев – Байтұрсынов – Гоголь көшелерінің квадратында “жүрген”.


"Ол таңертеңгі және кешкі “қарбалас уақытта” жолаушылардың қалтасын “тексеріп”, ұялы телефондарды тез және байқатпай суырып алып отырған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеудің қазіргі кезеңінде ұсталған азаматтың қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: