Ауа райының қолайсыздығанан 4 өңірде жолдар жабылды

Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
Төрт өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазавтожолдың" Telegram-дағы арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, Ақтөбе (1 учаске), Ақмола (3 учаске), Солтүстік Қазақстан (8 учаске) және Қостанай (3 учаске) өңірлерінде республикалық маңыздағы жолдар жабылды.

"Жоғарыда аталған өңірлердің аумағында орналасқан республикалық тасжолдарды күтіп-ұстаумен айналысатын жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті"."ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметі

Республикалық маңызы бар автожолдарда 400 арнайы техника мен 520 жол жұмысшысы қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жолда штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек. 

Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарында жолдар жабылды.

Қазақстан
Ақтөбе
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз