Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Сурет: pixabay
Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 6 наурыз күні сағат 07:10-да Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Ақтөбе облысы – 1 бөлік:
«Самара – Шымкент» а/ж 776-965 км, Ақтөбе учаскесі (Экойл жанармай құю станциясы) – Қарабұтақ ауылы, автокөліктің барлық түріне арналған.
Қарағанды облысы – 1 бөлік:
«Екатеринбург – Алматы» тас жолы 1505-1854 км, Жұмабек ауылы – Балқаш учаскесі, көліктің барлық түріне арналған.
Бұған дейін 6 наурызда республиканың басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript