Екатеринбург – Алматы тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Екатеринбург – Алматы республикалық тас жолында көлік қозғалысы жабылды. Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 7 наурыз күні сағат 14:20-дан бастап республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы (1126-1247 км: Астраханка ауылы – Нұр-Сұлтан қаласы) тас жолының белгілі бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылды.
Оның себебі – ауа райының нашарлауы (қарлы боран, көру мүмкіндігінің шектелуі).
Бұған дейін синоптиктер 8-10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын, соған сәйкес Қазақстанның солтүстігінде 25 градус аяз, ал оңтүстікте 20 градус ыстық болады деп күтілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript