Алматы-Ташкент-Термез тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Алматы-Ташкент-Термез тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2024 18:44 Сурет: Zakon.kz
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Ташкент-Термез тас жолының учаскесінде көлік қозғалысы жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"31 қаңтар сағат 18.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысының "Алматы-Ташкент-Термез" республикалық маңызы бар автожолының 159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 699 бірлік техника және 1419 жолшы жұмылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: