Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді
Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда, сағат 21:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының белгілір бір учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының 159-238 шақырымы - Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2024 жылғы 17 желтоқсанда сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланып отыр.
Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің үш өңіріндегі жолдарда шектеу шаралары енгізілгені хабарланған. Сондай-ақ Маңғыстау облысында қалың қардың түсуіне байланысты 29 жүк көлігі қар құрсауында қалып кеткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript