Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің үш өңірінде жол учаскелері жабылды

Закрытая трасса, закрыто, стоп, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2024 20:03 Сурет: Zakon.kz
Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында 16 желтоқсанда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-ға сілтеме жасай отырып.

Ақмола облысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты келесі тас жолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 232-260 шақырымы - Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  • "Жақсы-Есіл-Бұзылық" тас жолының 71-82 шақырымы - Ақсай ауылынан Есіл қаласына дейін;
  • "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 536-553 шақырымы - Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін.

Қостанай облысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 8-108 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ сағат 19:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 19:30-дан бастап  ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

Қосымша ақпарат алу үшін 1403 нөмірі бойынша тәулік бойғы байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұған дейін циклон салдарынан 17 желтоқсанда Қазақстанның екі өңіріне қатты аяз болатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: