Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты қай жол учаскелері жабылды

Жол жабылды, Қазақстан, қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 19:25 Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда республикалық маңызы бар бірқатар тас жол ішінара жабылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 25 желтоқсанда сағат 19:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда, көктайғақ, тұман болып, айналаның көріну деңгейінің шектелуіне байланысты 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді", делінген хабарламада.

25 желтоқсанда сағат 18:00-ден бастап көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар мына тас жолдардың кей учаскесі автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды:

  • Астана-Ерейментау-Шідерті - 16-200 км, (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
  • Астана - Петропавл, 18 – 234 км, (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін).

Сонымен қатар, сағат 19:00-ден бастап көктайғақ пен қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар мына тас жолдардың кейбір учаскелері автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды:

  • Екатеринбург-Алматы, 917-1230 км (Жақсы ауылынан Қажымұқан ауылына дейін);
  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 232-60 км (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
  • Жезқазған-Петропавл, 377-552 км (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
  • Жақсы-Есіл-Бұзылық, 0-82 км (Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін).

Бұған дейін Қазақстанның кейбір өңірінде қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болатыны ескертілген болатын.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: