Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты тас жолдардың қай учаскелері жабылды

Тас жол, қолайсыз ауа райы, жолдың жабылуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 19:30 Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты қандай жол учаскелері жабылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, 8 желтоқсанда сағат 18:30-дан бастап қатты аяз мен сынап бағанының күрт төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдың екі учаскесінде қоғамдық және дизель көліктері үшін қозғалысқа тыйым салынады:

  • "Қалқаман - Баянауыл - Үміткер-Ботақара" тас жолы (231-324 км, Павлодар облысының шекарасы - Ботақара елдімекені);
  • "Қызылорда - Павлодар" тас жолы (967-1135 км, Қарағанды қаласы - Павлодар облысы).

Қарағанды облысының ТЖД жол үстіндегі азаматтарға мынандай кеңес береді:

  • дауылды ескертулер туралы синоптиктердің ақпараттарын жіті назарда ұстаңыз;
  • үйден шыққан кезде термометр көрсеткішіне назар аударыңыз, ауа райы болжамымен танысыңыз;
  • жылы киініңіз;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • ұзақ жолға шығу жоспарынан бас тарта тұрыңыз;
  • ұзақ жолға аяқ-асты шыққан жағдайда көліктің қысқы жағдайға сай келу-келмеуін пысықтаңыз;
  • көлігіңізде отын мен жанар-жағармай материалдарының жеткілікті қоры, кілт-сайман, сүйретуге арналған құралдар болуы тиіс;
  • қозғалтқыш пен салонды жылылаңыз;
  • киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры болуы тиіс.

Ең бастысы: туған-туыстарыңызға қайда бара жатқаныңызды, жолға шыққанызды алдын ала хабарлап, ескертуді ұмытпаңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: