Еліміздің екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жол учаскелері жабылды

Алматы облысында 2025 жылғы 3 ақпан сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" тас жолының 59-143 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жамбыл облысында 2025 жылғы 3 ақпан сағат 18:15-те ауа райының бұзылуына байланысты "Меркі-Шу-Бұрылбайтал" тас жолының 166-268 шақырым аралығындағы учаскесінде (Биназар ауылынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолдарды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін синоптиктер 4 ақпандағы ауа райы құбылысын солтүстік антициклон анықтайтынын хабарлаған еді.