Қазақстанның екі өңірінде жол учаскелері жабылды

2025 жылы 5 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жол учаскелерінде көлік қозғалысына ішінара тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі Қарағанды облысында көлік қозғалысын шектеуге байланысты шұғыл ақпарат таратты:
"2025 жылы 5 ақпанда сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" тас жолының 1505-1864 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады".
Сондай-ақ Абай облысында да көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
"2025 жылы 5 ақпанда сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас" автожолының 383-704 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Аягөз қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады".
Жолды 2025 жылғы 6 ақпанда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін синоптиктер Астана мен еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялағаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript