Елімізде қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады деп болжанады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2023 жылы 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, атап айтқанда, жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман, қатты жел түрінде.
Күндіз еліміздің оңтүстік-батысында жаңбыр, солтүстік-батысында қалың қар жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының орталығында, күндіз солтүстігінде, батысында 30 м/с және одан аса мөлшерде жылдамдықпен қатты жел тұрады деп күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript