"Жауын-шашын, тұман, көктайғақ": 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ, 24 қараша, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2025 15:06 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 2025 жылғы 24 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын түрінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: еліміздің солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын ( жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.

Солтүстікте, шығыста, ел орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жел екпін алады деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: