"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 2025 жылғы 23 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның солтүстігінде, күндіз орталығында жексенбіде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, делінеді синоптиктердің болжамында.
Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжанады.
Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте жел екпін алады деп болжанады.
Бұған дейін синоптиктер бүгін Астана, Алматы және еліміздің тағы алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript