Шымкентте 3 жасар бала көлік моторын жуатын химикатты ішкен

Сурет: видео скрині
Шымкентте көліктің моторын жуатын химикатты ішіп қойған баланың беті бері қарады. Автокөлік жөндеп жүрген әкесінің жанында ойнап жүрген баласұйықтықты тәтті сусынмен шатастырып алған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Ойнап жүрген, күйеуім көлік жөндейді ғой. Pepsi әкеп қоятын, сусын деп ішіп қойған ғой. Негізі көбінесе химииялық ыдысында тұратын. Соны ішіп қойған". Анасы Іңкәр Сарыбаева

Дәрігерлер бала емдеу орталығына дер кезінде жеткізілді деп отыр. Әйтпесе, ауыз қуысы, өңеші мен асқазаны күйіп кеткен оның жағдайы әлдеқайда ауыр болуы да мүмкін еді.

Онымен бірге бір күнде ауруханаға сірке суын ішіп қойған бес жасар бала да ауыз қуысының химиялық күйік шалуымен жеткізілді. Қазір ол да өздігінен тамақтана алатын жағдайға жетті.

"Ем антибактериялы терапия дейді. Емдеп жатырмыз. Баланың ішкі құрылысы, аузы күйген, жағдайы орташа дәрежеде".Т. Орынбаев атындағы гипербария оксигенация орталығының токсиколог-дәрігері Марат Кәкенов
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін