Астанадағы көпқабатты үйдің лифтісінде балалар қалып қойды

Сурет: pixabay
Астанадағы көпқабатты үйдің тұрғындары ыстық сусыз отыр, тіпті жылуды да ерте ажыратып тастапты. Тұрғындар үйдің іші суық деп отыр, ал бұл үйдің пайдалануға берілгеніне бір жыл да болмаған екен, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, лифт күніне 10-15 рет тоқтап тұратын көрінеді.

"Неше рет қайталанды. 9-қабатта тұрамыз. Мына лифтіге міну қорқынышты. Менің балаларым сабаққа барады, лифт түсіп кетті ме, әлде тоқтап қалды ма деп аңдып отырамын. Келіп жөндейді, білмеймін, артынша бұзылып қалады. Шаршадық".  Тұрғын Ләззат

Тұрғындар құрылыс компаниясына да барған. Ал компания өкілі су мен жылу мәселесінің бүгін шешілетінін айтты. 

"Бүгін жылы суды, жылуды қосады . Мен айтып кеттім, қайталап өтейін. Біздікілер "учаске бастығы ауысқан" дейді. Сол білместен өшіріп кеткен. Лифтіні ауыстыруға бердік. Ауыстырылады". Құрылыс компаниясының өкілі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз