Жыл басынан бері 4,5 мың адам шекарадан заңсыз өтпек болған

Сурет: Zakon.kz
Халықаралық іздеу жарияланған Серік Күдебаев шекараны тау арқылы асқан болуы мүмкін. Мұндай болжамды Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов айтты.

Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы туралы Қырғызстандағы әріптестерінен де ақпарат сұраған. Қазір бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv. 

"Түрлі болжам бар. Серік Күдебаевтың тау жақта шаруа қожалығы бар. Сол жақтан жол көрсететін адамдары болуы әбден мүмкін. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз. Ресми мәлімет бойынша ол Бішкек әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Қырғызстанда да бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ оның тергеуіне ресми түсініктеме берілмейді." Ерлан Алдажұманов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше жыл басынан бері 4,5 мыңға жуық адам шекараны заңсыз кесіп өтпек болған. Тұрғындардың заңсыз өту әрекеттері әрқилы сипатта. Яғни біздің елге кірмек болғандар да, шығып кетпек болғандар да бар. Заңсыз кесіп өту әрекеттері негізінен көршілес мемлекеттердің азаматтары арасында көптеп тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі