SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Сурет: Zakon.kz
SCAT әуекомпаниясының қызметкері 27 мамырдағы Қостанай - Анталья бағыты бойынша рейсіне мүгедектігі бар баласымен барған жолаушыларды мінгізбей қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабын бұзғаны үшін SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғады.

"Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсету кезінде әдеп нормаларын сақтау қазақстандық әуекомпаниялардың жұмысында басымдық болуға тиіс екенін атап өтеміз. SCAT әуекомпаниясының ақпараты бойынша, жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелді, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік жолдамаға сәйкес ұшуды жоспарлайды". Азаматтық авиация комитеті

Әкімшілік құқық бұзған SCAT әуекомпаниясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қабылданады. Алайда бұған жол бергені үшін SCAT әуекомпаниясы да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді