Air Astana Қазақстан халқына үндеу жасады

Сурет: unsplash
Air Astana әуекомпаниядан жалған жұмыс ұсынатын алаяқтар көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana сақ болуға шақырды.

"Делдалдар көмегімен Air Astana әуекомпаниясына жұмысқа кепілді орналасу туралы жалған хабарландырулардың жиілеп кеткенін ескертеміз. Мұндай хабарландырулар мен қызметтер заңсыз", – делінген әуекомпанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Air Astana жұмысқа орналасудың көп сатылы процесінде "транспаренттік пен адалдық қағидаларын ұстанатынын" нақтылады.

"Қазіргі кезде ұсынылып жатқан жұмыс орындары www.job.airastana.com сайтында жарияланып, тек осы ресми сайт арқылы жіберілген түйіндемелер қарастырылады. Алаяқтардың тұзағына түсіп, алданып қалмаңыз".Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі

3 тамыз күні FlyArystan халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болатынын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді