Шерхан мен Шива: Қарағанды хайуанаттар бағында жаңа туған жолбарыстарға есім берілді

Сурет: gov.kz
Қарағанды хайуанаттар бағы қала тұрғындарының көмегімен жаңа туған егіз жолбарыстарға есім таңдады. Жолбарыс күшіктерінің атын қоюға барлығы 400 адам қатысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағандылықтар түрлі есімдерді ұсынған. Оның ішінде Хан және Тәңірі, Кара мен Ганди, Бархан мен Сахара, Люк пен Лея деген сияқты нұсқалар болған.

"Көп талқылаудан кейін жолбарыстардың есімдерін таңдадық. Еркегінің аты – Шерхан, ал ұрғашысының аты – Шива. Бұл есімдерді ұсынған жеңімпаздар – @ _ _rasilevna _ және @dairlayra. Жолбарыстарға арналған атаулар байқауына барлығы 400-ден астам адам қатысты", – деп хабарлады Қарағанды зообағы Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, маусымның басында Қарағанды хайуанаттар бағында жас жолбарыстар жұбында 15 жылда алғаш рет төл дүниеге келген еді. Батыр мен Миа ата-ана атанды. Жолбарыстарға ат қоюды хайуанаттар бағы дәстүр бойынша келушілермен бірге таңдады.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты