Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 29 тамызда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 29 тамызда облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды облысының басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 29 тамызда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 29 тамызда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Шымкентте 29 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында күші 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 29 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Астанада оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 29 тамызда облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 29 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 29 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 29 тамызда Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.