Отандық сүт фермалары жабылып қалуы мүмкін

Сурет: pixabay
Отандық сүт фермалары жабылып қалуы мүмкін. Осылай деген сенатор Зәкіржан Күзиев бұған 2025 жылдан бастап шикі сүтке қатысты енгізілетін жаңа талап себеп дейді.

Оған сәйкес, өндіріс орындары сүтті автоматтандырылған жүйемен саууға міндеттеледі. Ал шағын шаруашылықтардың 90 пайызында бұған мүмкіндік жоқ.

Сондықтан өндіріс қуаты 40 пайызға азайып, ауыл тұрғындарының 70 пайызы табысынан айырылуы мүмкін, -дейді сенатор.

Жалпы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге және дамытуға басымдық беру керектігін президент өз жолдауында айтқан болатын, деп жазады qazaqstan.tv.

"Ауыл шаруашылығы деп жатырмыз ғой. 88 пайыз сүт сол жерде өндіріліп жатыр. Соларды кооперация жасау керек. Оны Президент те айтып жатыр, 1 трлн теңге бөлеміз деп жатыр. Соны Үкімет бүгін қолға алу керек." Зәкіржан Күзиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін